Accessibility links

Украина әскери бюджетін ұлғайтпақ


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко келер жылдан бастап елдің әскери бюджетін ұлғайту жоспарланып отырғанын мәлімдеген. Бұл туралы президенттің ресми сайтында бүгін жарияланған халыққа үндеуінде айтылған.

«Алдағы жылы біз әскери салаға қаржы бөлуді ұлғайтамыз. Осы аптаның өзінде Жоғарғы Рада әскери бюджетті тағы 5 миллиардқа көбейтті» дейді президент.

Сенбі күні Украинадағы АҚШ елшісі Джеффри Пайетт Одессаға украина армиясының қажеті үшін кез-келген жерде жүре алатын жүз әскери автокөлік жеткізілгені туралы хабарлаған еді.

Пайеттің сөзінше, бұл АҚШ вице-президенті Джо Байденнің Украинаға әскери жәрдемді кеңейту туралы биыл наурызда айтқан сөзінің дәлелі іспеттес. Сол жолы Ақ үй өкілі Украина армиясына дрондар, түнгі бақылау аспаптарын, артиллериялық қару-жарақ позицияларын анықтайтын радарлар, байланыс жүйелері мен атыс құралына жатпайтын басқа да керек-жарақтар – жалпы сомасы 75 миллион доллардың жәрдемін беруге уәде еткен еді.

XS
SM
MD
LG