Accessibility links

Qazaq Air жолаушы тасымалын тамызда бастайды


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).

Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).

Qazaq Air әуе компаниясы тамыздың алғашқы аптасынан бастап жолаушылар тасымалдайды. Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір ұшуға рұқсат беретін құжаттар дайындалып жатыр.

Осыған дейін Qazaq Air әуе компаниясы 20 шілдеден бастап жолаушылар тасымалдайтыны хабарланған.

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының мәлімдеуінше, жаңа Qazaq Air компаниясы 12 бағытта жолаушы тасымалдайды.

Жолаушылар тасымалдауға Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы қолданылады.​

Қызметінің алғашқы кезеңінде әуе компаниясы Алматы – Қостанай, Алматы-Павлодар, Алматы-Талдықорған, Алматы-Балқаш, Астана-Балқаш, Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау арасына аптасына үш рейс, Алматы - Астана арасына аптасына жеті рейс, Алматы – Шымкент арасына аптасына сегіз рейс, Шымкент- Павлодар арасына екі рейске дейін ұшады.​

XS
SM
MD
LG