Accessibility links

Байқоңыр қаласы басшысы тағайындалды


Байқоңыр маңында жүрген полицей. (Көрнекі сурет).
Байқоңыр маңында жүрген полицей. (Көрнекі сурет).

20 шілдеде Байқоңырда өткен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жылдық жиынында Анатолий Петренко Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Байқоңыр қалалық әкімшілігі аппарат жетекшісі қызметін уақытша атқарушы Сергей Яновский Ресей және Қазақстан президенттерінің бірге шығарған шешімдерін оқып берді.

Ресей Байқоңырды 1994 жылы жалға алған. Мұның төлемі ретінде Ресей Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларына тең әскери және басқа да техника жеткізеді.

XS
SM
MD
LG