Accessibility links

Қазақстан Паралимпиадаға жолдама алды


Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Ахметов

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Ахметов

Паралимпиадалық жүзуден Глазгода (Шотландия) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш қола медаль иеленді.

Пара Азия ойындарының чемпионы Зүлфия Габидуллина 50 және 100 метрге еркін стильмен жүзуде екі қола медаль алды.

Ал Пара Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Әнуар Ахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші орынды иеленді. Екі спортшы да 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Бұлардан өзге, 2016 жылы өтетін Паралимпиадаға Мансұрбек Ибрашев (400 метрге еркін стильмен жүзу) пен Андрей Афанасьев (100 метр брасс) те жолдама иеленді.

Бразилиядағы Паралимпиада 2016 жылы 7-18 қыркүйекте өтеді.

XS
SM
MD
LG