Accessibility links

Түркияда жарылыстан 20 адам мерт болды


Түркия картасы. (Көрнекі сурет).

Түркия картасы. (Көрнекі сурет).

Түркияның Сириямен шекаралас Суруч қаласында мәдени орталықта бүгін жарылыс болды. Reuters агенттігінің жарылысқа куә болғандарға сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстан кемінде 20 адам қаза тапқан.

Түркия қауіпсіздік қызметі өкілдері жарылыста 20-дан астам адам жараланғанын айтады.

Түркияның жекеменшік DHA агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан кемінде 50 адам ауруханаға түскен.

Суруч қаласы Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласынан небәрі 10 километр қашықтықта орналасқан.

Жарылысқа не себеп болғаны, я кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Бірақ жергілікті билік өкілдері жарылысты жанкешті жасауы мүмкін дейді.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылыс болатын кезде мәдени орталықта Кобани қаласын қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуді жоспарлаған Социалистік жастар ассоциациясы федерациясының 300 адамы болған.

XS
SM
MD
LG