Accessibility links

Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы Сочиде өтеді


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өңіраралық ынтымақтастық форумында. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өңіраралық ынтымақтастық форумында. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан мен Ресейдің 12-өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл 16 қыркүйекте Сочиде өтетін болды. Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысады.

Форумда негізгі тақырып агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі болмақ. Шарада "Агроөнеркәсіп кешені саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының келешегі" тақырыбында көрме мен екі ел іскерлік кеңесінің отырысы, жастар форумы өтеді.

Жыл сайын әр елде кезек өтіп тұратын форум өткен жылы Атырауда өткен. Биылғы форум әуелде Башқұртстан астанасы Уфада өтеді деп келісілген.

XS
SM
MD
LG