Accessibility links

Түркия: Жарылыс құрбандары саны 28-ге жетті


Суруч қаласындағы жарылыс болған орын. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.

Суруч қаласындағы жарылыс болған орын. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.

Түркияның Сириямен шекарасындағы Суруч қаласындағы мәдени орталықта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 28 адамға жетті. Түркия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан 100-ге тарта адам жараланып, жергілікті ауруханаларға жатқызылған.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде жарылысты "террорлық шабуыл" деп атады. Түркиялық жоғары шенді екі шенеуніктің Reuters агенттігіне хабарлауынша, айғақтар жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы ұйымдастырғанын көрсетеді.

Суруч қаласы Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласынна небәрі 10 километр қашықтықта орналасқан.

Жарылыс болатын кезде мәдени орталықта Кобани қаласын қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуді жоспарлаған Социалистік жастар ассоциациясы федерациясының 300 адамы болған.

XS
SM
MD
LG