Accessibility links

Вашингтонда Куба елшілігі ашылды


Вашингтондағы Куба елшілігі алдына қойылған Куба туы. АҚШ, 20 шілде 2015 жыл.

Вашингтондағы Куба елшілігі алдына қойылған Куба туы. АҚШ, 20 шілде 2015 жыл.

Вашингтонда бүгін Куба елшілігі ашылып, Куба туы тігілді. Куба туы бұған қоса АҚШ мемлекеттік департаментінде Вашингтон дипломатиялық байланыс орнатқан өзге елдердің туларымен қатар орналастырылды. Елшіліктің ашылу салтанатына Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес қатысты.

Бүгін кешке АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Бруно Родригеспен кездеседі.

АҚШ мемлекеттік департаменті Джон Керридің тамыздың 14-інде Гаванаға АҚШ елшілігін ашуға баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасы Куба революциясынан кейін, 1961 жылы нашарлап, дипломатиялық байланыс үзілген. Бұдан көп ұзамай Вашингтон Кубаға қарсы экономикалық санкциялар салған. Санкциялар әлі жойылған жоқ.

XS
SM
MD
LG