Accessibility links

Алматы облысында көшкін қаупі ескертілді


Алматы облысының картасы.

Алматы облысының картасы.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 21-23 шілдеде Алматы облысындағы тауларда көшкін жүру қаупі бар.

«Өткен аптада ауа температурасының көтерілуіне байланысты Алматы облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар. Осыған байланысты азаматтарға таулардың қарлы баурайларына жасалатын сапарлар мен жорықтардан бас тартқаны дұрыс», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық қайтып, жауын-шашын болатынын айтады.

XS
SM
MD
LG