Accessibility links

"Тәжікстан исламдық жаңғыру" партиясының жетекшісі сотталды


Джалолиддин Махмудов.

Джалолиддин Махмудов.

"Тәжістан исламдық жаңғыру" партиясының жетекшілерінің бірі Джалолиддин Махмудов бес жылға сотталды. Азаттық радиосының Тәжік қызметінің хабарлауынша, Махмудов өз жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Тәжікстан сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясы Махмужовты қару-жарақтарды заңсыз сатып алды және заңсыз сақтады деп айыптап, сотка берген. Айыптаушылар оны алты жарым жылға соттауды сұраған.

Махмудов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұсынысымен 2015 жылы 18 ақпанда қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG