Accessibility links

Түркия Сириямен шекарасында күзетті күшейтпек


Суруч қаласында болған жарылыстан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.
Суруч қаласында болған жарылыстан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.

Түркия Суруч қаласында болған терактіден кейін Сириямен шекарадағы бақылауды күшейтеді.

Түркияның Сириямен шекарасына жақын Суруч қаласындағы мәдени орталықта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 28 адамға жетті. Түркия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан 100-ге тарта адам жараланып, жергілікті ауруханаларға жатқызылған.

Бұл террорлық әрекетті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алған. Суруч Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласынан 10 километр қашықтықта ғана орналасқан.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Түркия "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күресті тоқтатпайтынын, шекарадағы күзет қатая түсетінін айтты.

XS
SM
MD
LG