Accessibility links

Қазақстан шетелден құс етін кіргізуге уақытша тыйым салды


Құс еті. (Көрнекі сурет)

Құс еті. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шетелден құс етін кіргізуге уақытша тыйым салынғанын мәлімдеді.

Қазақстан Ресейдің Благодар қаласы, Челябі облысы, және Мордовия аймағындағы және Украинаның Черкасск қаласындағы ет комбинаттарында дайындалған еттерден патогенді микрофлоралардың (Salmonella) табылуына байланысты осындай шешім шығарған.

Тиісті хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілді.

XS
SM
MD
LG