Accessibility links

Пхеньян: Иранмен жасалғандай ядролық келісім керек емес


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея әлемдік державалардың Иранмен жасасқанындай ядролық бағдарламасын шектейтін келіссөз жүргізуге "мүлдем қызықпайды" деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің 21 шілдеде хабарлауынша, Пхеньянның ядролық бағдарламасы АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қатысты сыртқы саясатын "барынша тежеуді" мақсат етеді.

"Солтүстік Корея - аты да заты да ядролық держава және ядролық держава ретінде өз мүдделері бар" дейді министрлік.

АҚШ пен Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия 14 шілдеде Иранмен Тегеранның ядролық бағдарламасын ұзақ уақытқа шектеп, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкциялардың біртіндеп алынуын көздейтін келісім жасасқан.

Солтүстік Кореяға да ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларына қатысты БҰҰ, АҚШ және Еуропа Одағы экономикалық санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG