Accessibility links

Дондағы Ростовта украиналық режиссердің соты басталды


Украиналық режиссер Олег Сенцов Мәскеудегі сот тыңдауында. 26 желтоқсан 2014 жыл.

Украиналық режиссер Олег Сенцов Мәскеудегі сот тыңдауында. 26 желтоқсан 2014 жыл.

Дондағы Ростовта бүгін Қырымда теракті ұйымдастырмақ болды деп айыпталған украиналық режиссер Олег Сенцовтің үстінен сот басталды.

Сенцов пен өзге украиналық үш азамат Александр Колченко, Алексей Черный мен Геннадий Афанасьев 2014 жылдың мамырында Ресей аннексиялап алған Қырым территориясында террорлық шабуыл жасамақ болды деген айыппен ұсталған.

21 шілдеде әскери сотта басталған процесте Сенцов пен Александр Колченко өздеріне тағылған айыпты мойындамады. "Мен бұл сотты мүлдем сот деп санамаймын, сондықтан қалағандарыңызды істеңіздер" деді Сенцов.

Сенцовқа "террорлық топ құрды", теракті жасауды жоспарлап, заңсыз жарылғыш зат иеленбек болды" деген айып тағылған. Айыпты деп танылса Сенцов пен Колченко 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұған дейін олармен бірге ұсталған украиналық Алексей Черный мен Геннадий Афанасьев "террорлық ұйым құрамына кірді" деген айыппен жеті жылға сотталып кеткен.

XS
SM
MD
LG