Accessibility links

Назарбаев Түркия басшысына терактіге қатысты көңіл айтты


Суруч қаласындағы жарылыстан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.

Суруч қаласындағы жарылыстан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі. Түркия, 20 шілде 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Суруч қаласындағы терактіден ондаған адамның қаза табуына байланысты осы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев көңіл айту телеграммасында терактіден ондаған адам қаза тауып, жүзден астам адам қаза тапқаны туралы хабарды "қайғыра қабылдағанын" айтқан.​ Қазақстан президенті барлық қазақстандықтар мен өз атынан құрбандардың туыстарына және түркиялықтарға көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеген.

20 шілдеде Түркияның Сириямен шекарасына жақын Суруч қаласында мәдение орталықта жарылыс болып, 32 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған. Жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG