Accessibility links

Астана - су спортынан әлем чемпионатын өткізуге кандидат


Астанадағы алаңда велосипед теуіп жүрген адам. (Көрнекі сурет)

Астанадағы алаңда велосипед теуіп жүрген адам. (Көрнекі сурет)

Астана қаласы 2020 жылы су спорты түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге кандидатурасын ұсынғаны туралы Халықаралық су спорты түрлері федерациясының атқарушы директоры Корнел Маркулеску мәлімдеді.

2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Астанадан басқа Абу-Даби (БАӘ) мен Лима (Перу) қалалары үміткер.

Осылардың арасынан таңдау қайсысына түсері бүгін, шілденің 22-інде Татарстан астанасы Қазанда өтетін дауыс беру нәтижесінде анықталмақ.

2015 жылғы су спорты түрлерінен әлем чемпионаты шілденің 25-і күні Қазанда басталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG