Accessibility links

Астана халқы 9 мыңға адамға көбейген


Астана қаласындағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет)
Астана қаласындағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет)

Астана әкімдігінің хабарлауынша, биылғы маусым айының 1-іне дейін қала тұрғындарының саны 860 мың адамнан асқан. Яғни, жыл басынан бері Астана халқының саны тоғыз мың адамға көбейген.

2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында қалада 10 мыңнан аса бала дүниеге келген. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға көп.

Биылғы жылдың алғашқы бес айында Астанада 1600-ге жуық адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG