Accessibility links

Ресейдегі жол апатынан ондаған адам қаза тапты


Шешенстан картасы.
Шешенстан картасы.

Шешенстаннан Дағыстанға кетіп бара жатқан «Газель» маркалы шағын автобус аударылып, салдарынан кемінде жеті адам мерт болған. Ресейдің ТАСС агенттігі 11 адам қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Жарақат алғандар Шали және Грозный қалаларындағы ауруханаларға жеткізілген.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров шағын автобуста Дағыстанның Анди ауылының тұрғындары болғанын мәлімдеп, қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтқан.

Ал Красноярск аймағында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза болған. Аймақтың ішкі істер басқармасы көлік апатынан 22 адам жарақат алғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG