Accessibility links

Қазақстан су спортынан әлем чемпионатына қатысады


Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы ойын кезінде. (Көрнекі сурет).
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы ойын кезінде. (Көрнекі сурет).

Қазақстан 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Татарстан астанасы Қазанда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына қатысады.

Жүзуден Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Екатерина Руденко жүлде алудан үмітті.

Қазақстан су спорты федерациясы Баландиннің жүлде алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Синхронды жүзуден апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер қатысады.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Канада, Испания, Жаңа Зеландиямен бір топта ойнайды. Ал ерлер құрамасы Аргентина, Венгрия, Оңтүстік Африка республикасымен бір топқа түскен.

XS
SM
MD
LG