Accessibility links

Ұлыбританияда көне Құран қолжазбалары табылды


Бирмингем университеті кітапханасынан табылды делінген көне Құран қолжазбасы. Ұлыбритания, 22 шілде 2015 жыл.
Бирмингем университеті кітапханасынан табылды делінген көне Құран қолжазбасы. Ұлыбритания, 22 шілде 2015 жыл.

Ұлыбританияда Бирмингэм университетінің кітапханасынан кемінде 1370 жыл бұрын жазылған болуы мүмкін Құран қолжазбалары табылды.

BBC-дің 22 шілдеде хабарлауынша, Құран парақшалары 1920 жылдары Ирактан Британияға әкелінген Таяу Шығысқа қатысты ежелгі қолжазбалармен бірге жеткен. Бірақ парақшалардың көне екені әзірге дейін мәлім болмаған.

Университет ғалымдары жүргізген радиокөміртек сараптамасы көне араб тілінде ешкі я қой терісіне жазылған Құран қолжазбалары 568-645 жылдарға тиесілі екенін көрсеткен.

Ислам сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбарға Құран аяттары 610-632 жылдар аралығында аян түрінде түсірілген. Ал Құран аяттары 650 жылдары тұтас жинақ болып шыққанға дейін бөлек бөлек жазылған.

Христиан және ислам діні жөніндегі маман Дэвид Томас Құран қолжазбалары "бізді бірнеше жыл ішінде исламның алғашқы қалыптасқан формасымен таныстыруы мүмкін" дейді.

"Қолжазбаны жазған адам шын мәнінде Мұхаммед пайғамбарды жақсы білген болуы мүмкін. Ол Мұхаммед пайғамбардың өзін көріп, оның уағыздарын естіген болуы да ықтимал" дейді Дэвид Томас.

Бірақ радиокөміртек сараптамасы қолжазба жасын дәл анықтай алмайтындықтан бұл Құран парақшаларын әлемдегі ең көне Құран қолжазбасы деп нақты айту қиын.

XS
SM
MD
LG