Accessibility links

Түркияда екі полицей мерт болған


Түркия мен Сирия шекарасы маңында жүрген полицейлер. (Көрнекі сурет)

Түркия мен Сирия шекарасы маңында жүрген полицейлер. (Көрнекі сурет)

Түркия ресми органдары Сириямен шекаралас Жейланпынар қаласы маңында шабуылдан екі полиция қызметкері мерт болғанын хабарлады.

Шанлыурфа аймағының губернаторы Иззетин Кучук екі полицейдің қазасының терроризммен байланысы бар-жоғы анықталмағанын айтты.

Шілденің 20-сы күні Түркияның Сириямен шекарасына жақын Суруч қаласындағы мәдени орталықта болған жарылыстан 28 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланып, жергілікті ауруханаларға жатқызылған.

Бұл террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Түркия «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресті тоқтатпайтынын, шекарада күзет күшейтілетінін айтты.

XS
SM
MD
LG