Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 15 адам қаза тапты


Фарьяб уәлаятында болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс, Ауғанстан.
Фарьяб уәлаятында болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс, Ауғанстан.

Ауғанстанның Фарьяб уәлаятының Алмар ауданында 22 шілде күні базарда жарылыс болып, кемінде 15 адам қаза тапты. Уәлаят губернаторы Абдул Саттар Барездің айтуынша, жарылысты жанкешті жасаған. Қаза тапқандар арасында әйелдер, балалар мен ауған армиясының бір сарбазы бар.

Жарылыстан 40 шақты адам жараланған.

Уәлаят полициясы басшысының орынбасары Бариалия Башариардың хабарлауынша, жанкешті "базардағы әскерилерді нысанаға алмақ болғанымен, жарылыстан көпшілігі бейбіт тұрғындар құрбан болған".

Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Ауғанстанда АҚШ пен шетел әскері шығарылған 2014 жылдың соңынан бері "Талибан" мен өзге де исламшыл экстремистік топтардың шабуылдары көбейген.

XS
SM
MD
LG