Accessibility links

Қазақстанда суицидке қарсы бағдарлама сынала бастады


ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі өкілі Юрий Оксамитный.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі өкілі Юрий Оксамитный.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы суицид себептерін зерттеп, оның алдын-алу бағдарламасын сынақтан өткізе бастады. Бұл жайында бүгін Астанада өткен жиында ЮНИСЕФ-тің қазақстандағы өкілдігінің өкілі Юрий Оксамитный хабарлады.

Қазақстандағы суицидтің алдын алу мәселесіне қатысты өткен жиында Оксамитный суицидтің алдын алудың тиімді шараларын жасау үшін балалар мен жастарға төнетін қауіп және оларды қорғауға тыңғылықты талдау жасау қажетін айтты. "ЮНИСЕФ сондықтан Қазақстан денсаулық сақтау миинстрлігімен бірге балалар мен жастар арасындағы суицид пен суицидтік мінез-құлық себептеріне кешенді зерттеу жүргізді" деді Оксамитный.

Оның сөзінше, зерттеу қорытындысы бойынша ЮНИСЕФ суицидтің алдын алу және жастармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту бағдарламасын дайындап, оны Қызылорда облысында сынақтан өткізе бастаған.

Оксамитный бағдарлама балалар мен жасөспірімдерге психикалық жай-күйі деген не, оны қорғау, дағдарысты жағдайлардан қалай шығу, қауіпті мінез-құлықтан қалай арылу, кімге көмекке жүгінуді дұрыс түсіндіреді дейді.

XS
SM
MD
LG