Accessibility links

Молдова: Еуропашыл партиялар үкіметті жасақтайды


Молдова үкіметінің жиыны. (Көрнекі сурет).
Молдова үкіметінің жиыны. (Көрнекі сурет).

Молдованың еуропашыл үш партиясы елдің Еуропа Одағымен (ЕО) интеграциясын ілгерілету үшін басқарушы коалиция құруға келісті. Демократиялық партия, Либерал-демократиялық партия мен Либералдық партия 22 шілдеде өзара келісімге келгендерін мәлімдеді.

Либералдық партия жетекшісі Михай Гимпу келісімді "молдовалықтар мен біздің еуропалық серіктеріміз үшін жақсы белгі" деп атады.

Партиялар 22 шілдеде үкіметтегі орындар мен басқа да саяси орындарды бөлісу үшін кеңеседі.

Молдова премьер-министрі Кирилл Габурич маусымда университет аяқтағаны туралы дипломының шынайылығын тексеруден кейін отставкаға кеткен.

Молдова 2014 жылдың қарашасында парламент сайлауын өткізген. Бірақ еуропашыл партиялар келісім жасай алмай, үкімет коммунистер қолдауына ғана сүйеніп қалған еді.

XS
SM
MD
LG