Accessibility links

Чемпиондар лигасы: "Астана" үшінші іріктеу кезеңіне шықты


"Астана" командасы Қазақстан суперкубогын иеленген сәті. Астана. 1 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ алынды)

"Астана" командасы Қазақстан суперкубогын иеленген сәті. Астана. 1 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ алынды)

Футболдан Қазақстанның қазіргі чемпионы “Астана” Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде словениялық “Марибор” командасын екі матч қорытындысы бойынша жеңді.

Алғашқы матчта “Марибор” 1:0 есебімен жеңген. Ал 21 шілдеде Астанада өткен қарымта матчта “Астана” 3:1 есебімен басым түсті. Қос матчтың қорытындысы - 3:2.

Енді “Астана” үшінші іріктеу кезеңінде Финляндия чемпионы “ХИК” командасымен кездеседі.

XS
SM
MD
LG