Accessibility links

"Су бөгені жарылды" деп хабар таратқанға іздеу жарияланды


Шаляпин-Яссауи көшелері қиылысындағы жол үстінен жүріп өткен лайды жуып тазалап жатқан арнайы техника. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Шаляпин-Яссауи көшелері қиылысындағы жол үстінен жүріп өткен лайды жуып тазалап жатқан арнайы техника. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті әлеуметтік желі арқылы "су бөгені жарылғаны" туралы хабар таратқан адамдарға іздеу жариялаған. Бұл туралы Наурызбай ауданы әкімі Қуанышбек Қашқынбаев бүгін брифингте мәлімдеді.

Ішкі істер басқармасы әлеуметтік желі арқылы "бөген жарылғаны" туралы ақпарат таратып, халықты үйлерін тастап кетуге шақырғандарды анықтап, оларды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартпақ.

23 шілдеде түнгі сағат үш шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген.

Жергілікті ақпарат құралдары сел Алматыдағы Жандосов пен Яссауи көшелерінде, Дружба мен Ақжар кентінде жүргенін хабарлады.

Селден 200-ден аса адам эвакуацияланып, Наурызбай аудандық әкімдігі мен 176-мектепке орналастырылған.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті екінші рет сел қаупі жоқ деп отыр.

XS
SM
MD
LG