Accessibility links

Тасқыннан 3 адам ауруханаға түскен


Шаляпин-Яссауи көшелері қиылысындағы лай су жүріп өткен тұс. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Шаляпин-Яссауи көшелері қиылысындағы лай су жүріп өткен тұс. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы Наурызбай ауданындағы селден алты адам медициналық көмекке жүгінгенін, үш адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Олардың жағдайы туралы әзірге нақты айтылмаған.

200-ден астам адам қауіпті аймақтан эвакуацияланып, Наурызбай ауданы әкімдігі мен 176-мектепке орналастырылған.

23 шілдеде түнгі сағат үш шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген.

Жергілікті ақпарат құралдары сел Алматыдағы Жандосов пен Яссауи көшелерінде, Дружба мен Ақжар кентінде жүргенін хабарлады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екінші рет сел қаупі жоқ екенін айтты.

Алматы ішкі істер департаменті Қарғалы плотинасының жарылғаны туралы хабар таратқан адамдарға іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG