Accessibility links

Қырғызстан: USAID жеңілдіктерінен айырылады


USAID логотипі. (Көрнекі сурет)

USAID логотипі. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) елдегі бірқатар жеңілдіктерінен айырылатынын мәлімдеді.

Бішкек 21 шілдеде АҚШ мемлекеттік департаментінің түрмеде жатқан құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты марапаттауына наразылық танытып, 1993 жылы АҚШ-пен жасалған ынтымақтастық туралы келісімді бұзғанын жариялаған.

Қырғызстан сыртқы істер министрі орынбасары Эмиль Кайкиев 22 шілдеде USAID салық және кедендік жеңілдіктерден айырылатынын, ал USAID-тың көмек бағдарламаларымен байланысы бар америкалықтар енді дипломаттық дәрежесіне тең мәртебесінен айырылып, қол сұғылмаушылық құқығы қайтарылып алынатынын мәлімдеген.

17 шілдеде Қырғызстан сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің Азимжан Асқаровты 2014 жылдың құқық қорғаушысы сыйлығымен марапаттағанына наразылық танытқан.

Азимжан Асқаров 2011 жылы 2010 жылдың маусымында болған қырғыздар мен этникалық өзбектар арасында болған жанжалдарда "этникааралық жаулықты қоздырып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, құқық қорғау органы қызметкерлерінің өліміне қатысы бар" деген айыптармен өмір бойы түрмеде отыруға сотталған. Асқаровтың өзі мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары үкімді "әділетсіз, негізсіз дәлелдерге сүйеніп шығарылған" деп санайды.

XS
SM
MD
LG