Accessibility links

Алматыда төтенше жағдай жарияланды


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматыда бүгін түнде сел жүруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға салдарын жоюға екі милилард теңге (10 миллион АҚШ долларынан астам) бөлінген.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, селден әсіресе қалаға өткен жылы қосылған Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккен. Селден зардап шеккендер уақытша орындарға орналастырылып, азық-түлік, ауыз сумен қамтамасыз етілген, медициналық көмек көрсетілген.

Алматыда 23 шілдеде түнгі сағат үштің шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, сел жүрген. Селден алты адам медициналық көмекке жүгініп, үш адам ауруханаға жатқызылған. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ. Сел жүрген аудандардан 900-ге тарта адам эвакуацияланды.

XS
SM
MD
LG