Accessibility links

Қызыл Жарты Ай қоғамы тасқыннан кейін көмек көрсетті


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.
Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Түрлі апаттарға көмек көрсететін Қызыл Жарты Ай қоғамы Алматыда тасқыннан 179-мектепке эвакуацияланған тұрғындарға көмек ретінде көрпе, азық-түлік, гигиеналық заттар, балаларға арналған тағамдар жеткізген. Қазақстандық жедел асханалар желісі 160 порция тамақ дайындап берген.

Жарты Қызыл Ай қоғамы - әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек қоры. Қозғалыс еш ұйымға кірмейді. Қоғам қызметі - адам өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың қиын жағдайын жақсарту және табиғи апаттар мен қақтығыста зардап шеккендерге көмектесу.

23 шілдеде түнгі сағат үш шамасында Қарғалы өзені арнасынан асып, Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екінші рет сел жүру қаупі жоқ екенін айтты.

Алматы ішкі істер департаменті Қарғалы плотинасының жарылғаны туралы хабар таратқандарға іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG