Accessibility links

Оштың бұрынғы мэрі сырттай сотталды


Оштың бұрынғы мэрі Мэльс Мырзакматов.

Оштың бұрынғы мэрі Мэльс Мырзакматов.

Қырғызстанда Ош қаласының бұрынғы әкімі Мэльс Мырзакматов сырттай жеті жылға остталды. Ош қалалық соты Мырзакматовты "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "коррупциялық қылмыс жасады" деп айыптады.

Мэльс Мырзакматов бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевпен байланысы бар бірден-бір ықпалды шенеунік болған. Ол Бакиев 2010 жылы сәуірдегі наразылық толқуларынан биліктен қуылғаннан кейін де үш жыл мэр болып, 2013 жылдың желтоқсанында отставкаға кеткен.

Мырзакматов 2014 жылы қаңтар айында мэр сайлауынан жеңіліп, Қырғызстан билігі оны заңсыз инфрақұрылымдық жобаларға тапсырма берді деген күдікпен тергеу басталғаннан кейін із-түзсіз кеткен. Қазір оның қайда екені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG