Accessibility links

Қазақстан әскери кемелері Каспийдегі жарысқа кетті


Каспий теңізінде жүрген "Қазақстан" артиллериялық зымыран кемесі. 17 шілде 2015 жыл.
Каспий теңізінде жүрген "Қазақстан" артиллериялық зымыран кемесі. 17 шілде 2015 жыл.

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің екі артиллериялық зымыран кемесі бүгін Каспий маңы елдері әскери-теңіз күштерінің халықаралық "конкурсына" қатысуы үшін теңіздің Ресейге тиесілі аумағына қарай жөнелді. Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Каспий теңізі - 2015" жаттығуына қатысатын кемелер Махачкала портына ертең жетеді.

"Каспий теңізі - 2015" жарысы 1-15 тамызда өтеді. Бұған дейін жарысқа Қазақстан мен Ресейден өзге Әзербайжан мен Түркіменстан әскери кемелері де қатысатыны хабарланған.

XS
SM
MD
LG