Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Бағдадқа барды


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Ирак басшылығымен және АҚШ әскерилері қолбасшылығымен кездесу үшін аяқ астынан Бағдадқа барды. Ақпан айында тағайындалғаннан бері Иракқа бірінші рет барған Картер сапарының мақсаты Ирак территориясының біразын бақылауда ұстап тұрған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес барысын жеке өзі бағамдап қайту екенін айтады.

Бұған дейін Эштон Картер Сауд Арабиясына, Иордания мен Израильге барған. Сапар барысында ол осы елдер билігіне алты державаның Иранмен жасасқан ядролық бағдарламаға қатысты келісімі мән-жайын түсіндірген.

Иракта қазір 3 мың 300-ден астам америкалық әскери қызметкер бар. Олар Ирак әскерилерін дайындап, әскери қолбасшыларына ұрыс кезіндегі іс-қимылдар бойынша кеңес берумен және америкалық қызметкерлер мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады.

АҚШ әскери-әуе күштері коалициядағы серіктерімен бірге "Ислам мемлекеті" ұйымы нысандарына әуеден соққы беріп жүр.

XS
SM
MD
LG