Accessibility links

ТЖК: Алматы облысында сел жүру қаупі бар


Наурызбай ауданының Қарғалы ықшамауданында болған селден кейінгі көрініс. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Наурызбай ауданының Қарғалы ықшамауданында болған селден кейінгі көрініс. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Алматы облысының таулы аудандарында алдағы бірнеше күнде қайта сел жүру қаупі сейілмейді деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Екінші қайтара сел жүру қаупі аптап ыстықтың беті қайтпай тұрғандықтан және жаңбыр жаууы мүмкін болғандықтан туындап отыр.

"Таудың жоғары аймақтарында жылудың көп мөлшерде сақталуына, қардың тез еріп, 24-27 шілде аралығында жаңбыр жаууы мүмкіндігіне байланысты Алматы облысының жекелеген тау өзендерінде еріген қар мен жауын суы көбейіп, тауда сел жүру қаупі сақталады" делінген хабарламада.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Сел жүрген аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Түрлі жарақат алғанон шақты адам медициналық көмекке жүгінді. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ. Ресми орындар бүгін Наурызбай ауданында селдің қайталану қаупі жоғын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG