Accessibility links

Селден кейін бірнеше адам ауруханаға түсті


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматыда селден кейін бірнеше адам ауруханаға түсті деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Бұдан бұрын күндіз қалалық денсаулық сақтау басқармасы селден соң алты адам дәрігерлер көмегіне жүгініп, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған.

Tengrinews.kz сайты қалалық 7-клиникалық ауруханаға төрт адам түскенін хабарлады. Аурухана бас дәрігері Болатбек Баймахановтың айтуынша, жедел жәрдем бригадасы селден зардап шеккен 12 адамды ауруханаға әкеліп, оның сегізі дәрігерлер қарауынан соң қайтарып жіберілген.

"Науқастардың денсаулығына қауіп жоқ. Аса ауыр науқас жоқ" деген Баймаханов.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Сел жүрген аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ. Ресми орындар бүгін Наурызбай ауданында селдің қайталану қаупі жоғын хабарлады.

XS
SM
MD
LG