Accessibility links

Ресей үкіметі Өзбекстан қарызын кешуді қолдады


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей үкіметі Өзбекстанның қарызын кешу туралы келісімді мемлекеттік думаның мақұлдауына жөнелтуге келісті.

Өзбекстан қарызы туралы келісімге Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2014 жылы желтоқсанда Ташкентте қол қойған. Путин келісім бойынша Ресей Өзбекстанның 920 миллион АҚШ доллары қарызын кешетінін, ол екі жақты экономикалық байланыстардың дамуына жол ашатынын мәлімдеген.

Ресей үкіметі қарызды кешіру келісімін мақұлдауды сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ташкентке сапарлап келгеннен бірнеше күннен кейін шешкен.

15 шілдеде Лавров Ташкентте Ислам Каримовпен кездесіп, екіжақты экономикалық, әскери және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

XS
SM
MD
LG