Accessibility links

ТЖК: Қарғалы өзенінде екінші сел қаупі жоқ


Алматыдағы селден кейінгі көрініс.

Алматыдағы селден кейінгі көрініс.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, Қарғалы өзенінде жаңа сел қаупі жоқ, өзен суы өз арнасымен ағып жатыр.

"Алматы облысының гидропосттары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қарғалы өзені бойында жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ", - делінген хабарламада.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Сел жүрген аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG