Accessibility links

Анкара ИМ-ге соққы үшін әскери базаны қолдануға рұқсат берді


АҚШ әскерінің ұшқышсыз ұшағы. (Көренкі сурет).
АҚШ әскерінің ұшқышсыз ұшағы. (Көренкі сурет).

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы әуе соққысын беру үшін Инчирлик әуе базасын қолдануға рұқсат берді.

Wall Street Journal басылымының жазуынша, Ердоған мен АҚШ президенті Барак Обама бұл әуе базасын қолдануға байланысты келіссөздер жүргізіп, келісімге келген. Келісімге сай Инчирлик базасынан АҚШ әуе күштерінің ұшқышсыз ұшақтары ИМ позициясына әуе соққысын беруге аттанады.

ИМ экстремистік тобының Суруч қаласында ұйымдастырған терактісінен кейін Түркия Сириямен шекараны күшейтетінін және ИМ содырларына қарсы шабуылды күшейтетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG