Accessibility links

4 ел басшысы Украина дағдарысын талқыламақ


Донецк облысындағы сепаратистер. Украина, 21 шілде 2015 жыл.

Донецк облысындағы сепаратистер. Украина, 21 шілде 2015 жыл.

Франция, Германия, Украина және Ресей басшылары Украина шығысындағы қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақты әкетуді жеделдетуге келісіп, келесі аптада Украинадағы жергілікті сайлауды талқылайтын болды. Бұл жөнінде келісім 23 шілдеде төрт ел президенттерінің екі сағатқа созылған телефон арқылы әңгімесінде жасалған.

"Украина бойынша, оның ішінде Донецк және Луганск облыстарының кейбір аймақтарында жергілікті органдарға сайлауды ортақ бір күнге қоюдың маңызды екені айтылды" делінген Франция президенті Франсуа Олландтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Төрт ел президенттері Украинадағы сайлау мен билікті орталықсыздандыру мәселелерін 28 шілдеде тағы да телефон арқылы талқыламақ.

Президенттер Украина шығысында ауыр қару-жарақтарды әкету мерзімін созу туралы алдын ала келісімге жеделдете қол қою қажет деген.

Киев пен ресейшіл сепаратистер осы апта басында бұған дейін келісілгендей ауыр артиллериядан өзге танктер мен шағын калибрлі қару-жарақтарды да қақтығыс аймағынан әкетуге келіскен.

Ақпан айында Минскіде жасалған Донбастағы қақтығысты тоқтату келісімі бойынша, украин әскері мен сепаратистер калибрі 100 миллиметрден асатын қару-жарақтар әкетілуі тиіс болған. Бірақ екі тарап та бір-бірін ауыр артиллерияны қолданады деп бірін-бірі айыптап келеді. Екі тарап та ауыр қару-жарақ қолданудан адам шығын барын күн сайын дерлік хабарлап жүр.

XS
SM
MD
LG