Accessibility links

Душанбе: Терактілер жасамақ болғандар ұсталды


Тәжік арнайы қызметі жасағы. (Көрнекі сурет).
Тәжік арнайы қызметі жасағы. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар және елде бірнеше теракті жасауды жоспарлаған деген күдікті екі адамды ұстағанын хабарлады.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің 24 шілдеде хабарлауынша, тергеушілер ұсталған Бободжон Раджабов пен Садриддин Жабборовтың үйлерін тінту кезінде оттегі капсулаларын, жарылғыш пен бомба жасауда пайдаланылатын басқа да заттар тапқан.

Министрлік күдіктілер қазір Сирияда ИМ сапында соғысып жүрген басқа бір тәжік азаматынан "Душанбеде үш полиция бекетіне және елде тағы бірнеше шабуылжасау жөнінде нұсқаулар алғанын" айтады.

Шабуылдар шілденің 17-сі - мұсылмандардың Рамазан айы аяқталған күні жасалуы тиіс болған.

Шілденің 16-сы күні Қырғызстан арнайы қызметі Бішкекте "Қырғызстанда бірнеше теракті жасамақ болған ИМ мүшелері" деген алты күдікті содырды өлтіріп, жетеуін ұстаған.

XS
SM
MD
LG