Accessibility links

Түркия ұшақтары Сирияда ИМ-нің бірнеше нысанын жойды


Түркия әскери-әуе күштерінің F-15 жойғыш ұшақтары. (Көрнекі сурет).

Түркия әскери-әуе күштерінің F-15 жойғыш ұшақтары. (Көрнекі сурет).

Түркия әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Сирия шекарасын кесіп өтпей Сирия территориясындағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына тиесілі болуы мүмкін төрт нысанды жойды деп хабарлады түрік билігі.

Арасында ИМ-нің жергілікті штабы бар нысандар Түркияның Килиш провинциясына жақын Хават пунктінде орналасқан. Ал үркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркияның террормен күрес қызметінің бес мыңға жуық сарбазы Стамбулда және басқа да қалаларда жүргізген операциясы кезінде ИМ-ның және күрд қарулы тобының мүшесі деген күдікпен 100-ге тарта адамды тұтқындаған.

23 шілдеде Анкара мен Вашингтон Инчирлик базасын Сириядағы ИМ нысандарын соққы беру үшін пайдалануға келіскен. Бұған Түркия-Сирия шекарасында ИМ содырлары шабуылынан бір түрік сарбазының қаза тауыб себеп болған.

ИМ экстремистік тобы осы апта басында Суруч қаласында ұйымдастырған терактісінен 32 адам қаза тапқаннан соңТүркия Сириямен шекараны күшейтетінін және ИМ содырларына қарсы шабуылды күшейтетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG