Accessibility links

Ошта имамның үстінен сот басталды


Рашод қори Камолов.
Рашод қори Камолов.

Қырғызстанның Ош қаласында бүгін діни алауыздық қоздырды деп айыпталған имам Рашод қори Камоловтың үстінен сот басталды.

Қырғызстанның "Бир Дуйно" және "Кылым шамы" құқық қорғау ұйымдарының хабарлауынша, имамның соты өтіп жатқан ғимарат айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Оштың Қара-Суу ауданындағы Ас-Сарахси мешітінің имамы әрі ықпалды діни жетекші Рашод Камолов ақпан айында елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының белсенді мүшесі болды және Қырғызстанда "ислам халифатын" орнатуға шақырды деген күдікпен ұсталған.

Бірақ имам өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Камолов бұдан бұрын да бір ұсталып, мыңдаған жақтасының наразылығын тудырған.

Камоловтың әкесі Рафик қори Камолов та 2006 жылы өзбек қауіпсіздік күштері қатысқан операцияда қаза тапқанға дейін Ас-Сарахси мешітінің имамы болған.

XS
SM
MD
LG