Accessibility links

Ресейде әсіре ұлтшылдар жетекшісі сотталды


Ресейдегі әсіре ұлтшылдар жетекшісі Илья Горячев Мәскеу сотында. 24 шілде 2015 жыл.
Ресейдегі әсіре ұлтшылдар жетекшісі Илья Горячев Мәскеу сотында. 24 шілде 2015 жыл.

Мәскеу соты ресейлік әсіре ұлтшылдар жетекшісі Илья Горячевті бірнеше кісі өлімін ұйымдастырды деп айыптап өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

33 жастағы Горячевті өткен аптада Мәскеу соты 2010 жылы судья Эдуард Чувашовтың өліміне, 2009 жылы заңгер Станислав Маркеловтің өліміне, ресейлік антифашистік екі белсендінің, тәжік мигранты мен әзербайжандық бір азаматтың өлтіруге тапсырыс берді деп тапқан.

"Русское изобрежение" әсіре ұлтшыл ұйымының жетекшісі әрі "Орыс ұлтшылдарының әскери ұйымының" (немесе БОРН) идеологы Горячев бұған қоса экстремистік топ құрды, заңсыз қылмыстық топ құрды деп айыпталған.

Горячев тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Ол 2013 жылы Сербиядан Ресейдің сұрауымен экстрадицияланған.

Сәуір айында кісі өлтіру айыбымен БОРН ұйымының екі мүшесі өмір бойы түрмеде отыруға сотталып, біреуі 24 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG