Accessibility links

Альпіде қаза тапқан қазақстандықтардың сүйектері елге жеткізілген


A320 жолаушылар ұшағы құлаған аймақта жүрген құтқарушылар. 24 наурыз 2015 жыл.
A320 жолаушылар ұшағы құлаған аймақта жүрген құтқарушылар. 24 наурыз 2015 жыл.

Франция аумағында Альпі тауларына құлаған ұшақ апатында мерт болған қазақстандық үш азаматтың сүйектері елге жеткізілді деп хабарлады YK-news.kz сайты Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл наурыздың 24-і күні Lufthansa-ның еншілес Germanwings әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы Барселонадан Дюссельдорфқа бара жатып Альпі тауларына құлап, апаттан түгелдей мерт болған 150 адамның арасында Қазақстанның үш азаматы – 50 жастағы Ербол Иманқұлов пен оның әйелі - 49 жастағы Айжан Исенғалиева және 25 жастағы ұлдары Әділ Иманқұлов болған.

Апат орнынан табылған сүйектерге ДНК сараптамасын жүргізуге үш ай уақыт кеткен. Жақында ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың сүйектерін жерлеу үшін Өскемен қаласына жеткізген.

Тергеушілердің болжамынша, ұшақтың екінші ұшқышы Андреас Любиц капитанның кабинадан шығып кеткенін пайдаланып есікті іштен жауып алып, ұшақты әдейі тауға соғып апатқа ұшыратқан.

XS
SM
MD
LG