Accessibility links

Киев: коммунистер сайлауға қатыса алмайды


Украина әділет министрі Павел Петренко.

Украина әділет министрі Павел Петренко.

Украинада шілденің 24-інен бастап коммунистерге барлық деңгейдегі сайлауларға қатысуға тыйым салынады деп мәлімдеді Украина әділет министрі Павел Петренко.

Жұма күні брифингте ол бұндай талап қазір қолданыстағы жергілікті сайлау туралы заңға да, жақында Жоғарғы Рада жаңадан қабылдаған және таяу арада президент қол қоятын заңға да сәйкес келеді деген.

Украина коммунистік партиясы (УКП), Украина компартиясы (жаңарған) және Жұмысшылар мен ауыл тұрғындарының коммунистік партиясы "Украинада коммунистік идеология пропагандасына тыйым салу туралы заңды бұзып отыр" деп айтқан Петренко.

Жұма күні Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов шілденің 24-інен бастап Украинада коммунистік саяси ұйымдардың барлығы саяси партия мәртебесінен айырылатыны туралы мәлімдеген.

УКП жетекшісі Петр Симоненко биліктің тыйым салғанына қарамастан коммунистер билікке қатысады деп мәлімдеме жасаған.

Жоғарғы Раданың қаулысымен Украинада жергілікті сайлаулар биыл қазанның 25-іне белгіленген.

XS
SM
MD
LG