Accessibility links

Талғар маңында жол апатынан тоғыз адам мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматы-Талғар тас жолы бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам қаза тауып, үш адам жарақат алған деп хабарлайды Today.kz сайты.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат төрт шамасында Талғардан төрт шақырымдай жерде, Кеңдала кенті маңында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, салонына тоғыз жолаушы тиеп алған «Mitsubishi lancer» жеңіл автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «FAW» жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жеңіл автокөліктегі сегіз жолаушы мен жүргізуші сол жерде мерт болған. Түрлі дәрежедегі жарақат алған жеңіл автокөліктің бір жолаушысы және жүк көлігінің жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушы Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бұл жол-көлік апаты бойынша сотқа дейін тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG