Accessibility links

Қытайда тыйым салынған діни топ мүшелері сотталды


Айыпкер әйел (ортада) сотта тұр. Шанкси провинциясы, 30 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Айыпкер әйел (ортада) сотта тұр. Шанкси провинциясы, 30 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қытайдың Паньцзинь қаласының (Ляонин провинциясы) соты елде қызметіне тыйым салынған «Құдіретті құдай шіркеуі» діни тобының бес мүшесіне үкім шығарды. Сот оларды діни ұйым қатарына жаңа адамдарды тартып, өз ілімдерін таратқаны үшін айыпты тауып, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырды.

Былтыр осы діни топтың тағы екі мүшесі Шаньдунь провинциясындағы McDonald's мейрамханаларының бірінде бір әйелді өлімші етіп сабағандары үшін өлім жазасына кескен.

«Құдіретті құдай шіркеуінің» тағы бір атауы бар – оны «Шығыс жасыны» деп те атайды. 1990-жылдардың басында Чжао Вэйшан негізін қалаған ұйымның қызметіне Қытай билігі 1995 жылы тыйым салған соң Чжао Вэйшан АҚШ-қа қашқан.

Топ мүшелерінің сенімі бойынша, Иса пайғамбар әйел кейпінде қайта тірілген. «Құдіретті құдай шіркеуінен» өзге Қытайда тағы 13 діни ұйымның қызметіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG