Accessibility links

Путин Ресейдің жаңа теңіз доктринасын бекітті


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) парадта сап түзеп өткен әскери-теңіз күштері сарбаздарына қарап тұр. Севастополь, Қырым, 9 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин (ортада) парадта сап түзеп өткен әскери-теңіз күштері сарбаздарына қарап тұр. Севастополь, Қырым, 9 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин елдің жаңа теңіз доктринасына қол қойғаны туралы премьер-министрдің орынбасары Дмитрий Рогозин хабарлаған. Оның сөзінше, жаңа доктринаны қабылдауға «халықаралық саяси ахуалдың өзгеруі» себеп болған.

Рогозиннің айтуынша, Қырымды өзіне қосып алған соң Ресейге Жерорта теңізінде бұрынғысынша өзінің барын білдіру қажеттігі туындаған.

Құжатта басты назар Атлантика бағытына аударылған, оған себеп – «НАТО-ның шығысқа қарай ұлғайып, инфрақұрылымдарын Ресей шекарасының іргесінен салуы» дейді Рогозин. Ол сонымен бірге жаңа құжатта Арктиканы игеру үшін Ресейде атом мұзжарғыштар флотын құру да қарастырылғанын айтады.

2011 жылы қабылданған Ресей теңіз доктринасының жаңа редакциясына Путин әскери-теңіз флоты күніне арналған мерекелік шараға қатысуға Балтийскіге барғанда қол қойған.

XS
SM
MD
LG