Accessibility links

Әлем кубогы-2018: Қазақстан іріктеудегі қарсыласын білді


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде Румыния, Дания, Польша, Черногория, Армения құрамаларымен Е тобында ойнайды.

Топтан бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған команда басқа топта екінші нәтиже көрсеткен құрамамен қосымша іріктеу өткізеді.

Әлем чемпионатына іріктеу 2016 жылы қыркүйекте басталады.

Футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Жарысқа 32 құрама қатысады. Ресей ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз жолдама иеленген.

XS
SM
MD
LG