Accessibility links

Башар Асад әскерден қашқандарға амнистия жариялады


Сирия президенті Башар Асад.

Сирия президенті Башар Асад.

Сирия президенті Башар Асад жалпыға бірдей әскери міндет туралы заңды бұзғандардың бәріне рақымшылық жариялады.

Бұл туралы жарлықта әскерге барудан қашып Сирия аумағында жасырынып жүргендерге өз еріктерімен билікке берілуіне бір ай, ал шетелге шығып кеткендерге – екі ай мерзім берілетіндігі айтылған.

Олар әскерге барудан қашқандарды үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп сендіреді билік.

Сирия ұлттық армиясы өз қатарын толтыратын адамдарға қатты мұқтаж болып отыр. Үкімет күштері бірнеше майданда – өзіне қарсы бас көтерген қарулы топтармен бірге елдің ауқымды бөлігін басып алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен шайқасты қатар жүргізуге мәжбүр болып отыр.

XS
SM
MD
LG